Оңтүстік Фарс өнімдерінің экспорты 22 пайызға артты
(last modified Sat, 28 Jul 2018 16:10:40 GMT )
Шіл 28, 2018 22:10 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Фарс өнімдерінің экспорты 22 пайызға артты

Иранның энергетика және газ полюсі ретіндегі Оңтүстік Фарс аймағының экспорты өткен 4 айдың ішінде 22 пайызға артты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, зерттеулер көрсеткендей АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, басқа елдерге Иранмен энергетика саласында қарым-қатынасты тоқтату туралы қоқан-лоққы жасауы осы күнге дейін Иранның энергетикалық полюсінің экспорттық жағдайына еш әсер етпеді.

Фарс экономикалық және энергетикалық арнайы аймағы кеденінің басшысы Ахмад Пурхейдардың айтуынша, өткен 4 айда құны 5 млрд 609 млн долларды құрайтын  9 млн 911 тоннадан астам тауар, соның ішінде газ конденсаты, метанол, пропан, полиэтилен, күкірт, стеарин, аммоний мен шикі мұнай экспортталды. Өткен жылдың (2017) ұқсас мерзімімен салыстырғанда құны тұрғысынан 22 пайызға артты.