Гулузаде: Ирандық жастардың ғылыми деңгейі өте жоғары
Әзірбайжан Республикасының Байланыс және дамыған технологиялар министрі Рамин Гулузаде ИИР-ның Байланыс және ақпараттық технология министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахромимен кездесуінде Иранның электроника, компьютер және электронды сауда саласындағы жиырма төртінші халықаралық көрмесінің (ELECOMP-2018) өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына ризалық білдіріп: "Осындай көрмені әсіресе бастамашылардың арасында ұйымдастыру ирандық жастардың ғылыми деңгейінің жоғары екенін көрсетіп отыр",- деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Гулузаде: "Иранның бастамашылар бойынша даму деңгейіне байланысты жақын болашақта олардың көршілес елдерге қызмет көрсетуіне куә бола аламыз",- деп мәлімдеді.
Азари Джахроми де бұл кездесуде: "Бірнеше жыл бұрын ELECOMP көрмесі шетелдік құрал-жабдықтар мен бағдарламалар сатылатын мекен болған. Қазіргі таңда бұл шараға көбінесе еліміздің өндіруші компаниялары қатысып отыр",-деді.