Ғасеми: АҚШ-тың қазіргі үкіметіне сенуге болмайды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың қазіргі үкіметімен кез келген диалогтың болғанын теріске шығарып: "Бұл елдің үкіметіне сенуге болмайды",-деп баса айтты.
Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен баспасөз конференциясында Иран мен АҚШ-тың ауызша текетірестері мен екі елдің келіссөздері жайлы кейбір уәждер туралы: "Қалыптасқан жағдайға байланысты, соның ішінде АҚШ-тың біржақты әрі заңсыз түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын, жауластық әрекеттер жасауын, Иран халқына экономикалық қысымдар мен жаңа санкциялар салуын ескерсек, келіссөз өткізу үшін ешқандай алғышарт жоқ",-деді.
Ғасеми Иранның Еуропаға "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жалғастыру тәсілі жөніндегі ұсыныстарын айтуға мұрсат бергені жайында: "Иран мен еуропалық тараптар арасында телефон арқылы байланыс жалғасып жатыр. Оптимистік болжамдар да бар. Жалпы оң белгілер байқалады",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президентінің "Араб НАТО-сы" жобасы туралы: "Бұл жаңа тақырып емес. Бұрын да кейбір институттар мен ұйымдар осы мәселені көтерген, алайда қазір бұл тақырып қаттырақ айтылып жатыр",-деді.