Иран Ауғанстанның Пактия облысындағы имам Заман мешітіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Sat, 04 Aug 2018 09:50:22 GMT )
Там 04, 2018 15:50 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанның Пактия облысындағы имам Заман мешітіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні кешке екі жанкешті лаңкестің Ауғанстанның Пактия облысындағы Гардиз қаласында орналасқан имам Заман мешітіне жасаған шабуылын айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Бахрам Ғасеми Ауғанстан үкіметі мен халқына және осы оқиға құрбандарының отбасыларына көңіл айтып: "Ауғанстан халқына жасалып және таңылып жатқан лаңкестіктің көздегені – елде тынышсыздық тудыру арқылы халықтың арасына жік салу. Кабул үкіметінің қырағылығы және көрегендігімен бұл сұрқия қастандық заласыздандырылып, шек білмейтін зұлым қаскөйлікті ұйымдастырушылар мен жүзеге асырушылар өз қылмыстары үшін жауап беретін болады",- деді.

Кеше жұма күні екі жанкешті лаңкес Гардиз қаласындағы имам Заман мешітіне баса-көктеп кіріп, намаз оқып жатқан жамағатқа оқ жаудырып, өздерімен алып келген жарылғыш заттарын жарып жіберген.

Шабуыл салдарынан 31 намазхан қаза болып, 81 адам жараланды.

Ауғанстан мешіттеріне жасалған шабуылдардың басым бөлігінің жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.