Лариджани: АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеті жауапсыз қалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i38580
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекетінің жауапсыз қалмайтынын құлаққағыс етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2018 14:13 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеті жауапсыз қалмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекетінің жауапсыз қалмайтынын құлаққағыс етті.

Әли Лариджани сейсенбі күні Теһрандағы Норвегия елшісі Ларс Норродоммен кездесуінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен біржақты және заңсыз түрде шыққаннан кейін Еуропа одағы басшыларының Иранмен жасаған байланыстарына тоқталып, Еуропа одағының Иранның АҚШ секілді әрекет етпей, ынтымақтастық жасау үшін тағы бір мұрсат беруді сұрағанын айтты.

Норвегияның Ирандағы елшісі Норвегияның да Иранның "Ортақ қадам" келісімінде қалуы үшін талпыныс жасап жатқанын баса айтып, Норвегияның Иранмен экономика және еңбек нарығы салалары бойынша ынтымақтастығының  жалғасатынын мәлімдеді.