Жетекші көзқарасы: Ислам революциясының болашағы жарқын
Ислам революциясының жетекшісі жуырда шетелдердегі мәдени белсенділердің бір тобымен кездесуінде Ислам революциясының болашағы жайлы айтылған алаңдаушылыққа жауабында: "Ешкім ешқандай ағат әрекет жасай алмайды. Мұны бәріне жеткізіңіздер",-деді.
Шетелдердегі мәдени белсенділердің бір тобы Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен кездесуде қатысушылардың бірі шетелдердегі Ислам революциясы жақтастарының болашаққа алаңдап отырғандарын жеткізді.
Ислам революциясының жетекшісі осы адамның дұшпандардың әрекеттеріне алаңдаушылық білдіргеніне жауап беріп: "Біздің жағдайымызға мүлдем алаңдамаңыздар. Ешкім ешқандай ағат әрекет жасай алмайды. Сенімді болыңыздар. Бұл жөнінде ешқандай күмәніміз жоқ. Мұны бәріне жеткізіңіздер",-деді.
АҚШ үкіметі Иранға қарсы санкциялардың жаңа кезеңін бастаған күндері Ислам революциясы жетекшісінің осындай кесімді ұстанымы АҚШ басшылары мен оның аймақтағы бағынышты елдеріне нақты жолдауға ие.
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының жаңа кезеңінің басталуымен бір мезгілде Дональд Трамп сейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Бұл санкциялар – осы күнге дейін салынған ең ауыр санкциялар",-деп жазды. Халықаралық келісім "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Трамп үкіметінің саясаты Иранның аймақтағы қатынасын өзгертіп, ақырында ішкі наразылықтарды арттыру үшін Иранға қысымды арттыру болып отыр. Осылайша олар 40 жыл күткен армандарының орындалуын көздейді.
Трамптың сионистік режим мен өзіне бағынышты Сауд Арабиясы сияқты кейбір елдерді қолдаудағы мақсаты Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату, оның аймақтағы белсенділігі мен ықпалын доғарып, қысымдарды күшейту арқылы Иранның мұнайын мүлдем сатқызбау болып табылады. Бұл жауластық саясат өзінің өткені, бүгіні мен болашағын зорлықшыл алпауыт елдерге бағынышты емес санайтын елмен тарихи дұшпандықтың нышаны болып табылады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 21 маусымда елдің СІМ-нің басшылары, қызметкерлері және елшілермен кездесуінде АҚШ-тың ИИР-мен терең жауластығына тоқталып: "Америкалықтар Иранда Ислам революциясына дейінгі өздерінің орнын қайтарып алуды көздейді. Бұдан азға көнгісі де келмейді",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранның ядролық қуаты, уранды байытуы және аймақта белсенді болуына қарсылығының олардың ИИР жүйесінің айбынына деген терең жауластығынан туындап отырғанын айтып: "Аймақта белсенді болу – Иранның күш-қуаты мен қауіпсіздігінің бір бөлігі және елдің стратегиялық тірегі саналады. Сол себепті дұшпандар оған қарсы",-деді.
ИИР – Таяу Шығыс стратегиялық аймағындағы қуатты мемлекет. Ол аймақтық теңгерімдерде АҚШ-тың ерік-жігерінен тыс әрекет етеді. Сол себепті, АҚШ-тың Иранға қарсы қысымдары Израиль режимі мен бағынышты араб елдерінің қолдауымен артып отыр. ИИР жүйесі мен халқы арасында терең мағыналы байланыс болғандықтан бұл қысымдар Ислам революциясының болашағына қауіп төндіре алмайды.