Зариф: Трамптың Түркияға экономикалық қиындық таңғанына масаттануы ұят іс
Там 11, 2018 21:13 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Түркияға қарсы санкцияларына реакциясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Түркияға экономикалық қиындық таңғанына масаттануын ұят іс деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған хабарламада АҚШ Президенті Дональд Трамптың үкіметіне ескерту жасап, санкция салып, зорлық көрсетуге тәуелділіктен арылуға кеңес берді. Болмаса, бүкіл әлемнің Вашингтонға қарсы бірігетінін айтты.
Зариф осы хабарламада Иранның Түркияны қолдайтынын мәлімдеп: "Біз бұрын да көршілес елдердің қасынан табылдық, қазір де тура солай істейміз",-деп қуаттады.
Тегтер