Бүгін хазірет имам Мұхаммад Тақидің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы
Исламдық Иран шиіттердің тоғызыншы имамы «Джавад ул-Айеме» атанған хазірет имам Мұхаммад Тақидің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтып жатыр.
Бүгін, жексенбі, х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың зилқаде айының 29 жұлдызы, сәйкесінше 2018 жылдың 12 тамызы – хазірет имам Мұхаммад Тақидің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.
Хазірет имам Мұхаммад Тақи (ғ.) х.қ.ж.с.б. 195 жылдың рамазан айында дүниеге келіп, қадірменді әкесі әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет имам Реза (ғ.) қайтыс болғаннан кейін имамат пен мұсылмандарға жетекшілік етудің жауапкершілігін өз мойнына алды.
Имам Джавадтың (ғ.) өмір сүріп, имамат еткен кезеңі ислам өркениетінің гүлденіп, ислам әлемінде сенімдік және философиялық ойлардың кең таралған заманы болды.
ИИР Телерадио бірлестігі әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы хазірет имам Мұхаммад Тақидің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына байланысты әлемдегі барша мұсылмандар мен азаттық сүюшілерге көңіл айтады.