Там 19, 2018 14:09 Asia/Almaty
  • Джахангири: Иран ешқашан тығырыққа тірелмейді

ИИР Вице-Президенті Иранның ешқашан тығырыққа тірелмейтінін қуаттап Иранның санкцияларға төтеп беру үшін табиғи қорларға, адам ресурстары мен басқару тұрғысынан көптеген теңдессіз әлеуеттерге ие екенін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Джахангири сенбі күні: "ИИР-да санкциялар жағдайында халықтың тірегі болатын мәдени-өркениеттік әлеуеттер бар. Иран табиғи байлықтар, әртүрлі кен және металл қорлары бойынша әлемде алғашқы 10 елдің қатарында тұр. Географиялық тұрғыдан да маңызды аймақта орналасқан",-деді.

Тегтер