Рухани ислам елдері басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i38739
ИИР Президенті жеке-жеке хат жолдап, ислам елдері басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 22, 2018 17:40 Asia/Almaty
  • Рухани ислам елдері басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ИИР Президенті жеке-жеке хат жолдап, ислам елдері басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні жолдаған хаттарда әлемнің барша мұсылмандарының Құдай алдына бару жолын абыроймен жүріп өтетіндігі мен өз нәпсілерін тыйып, Алла алдында бас иіп, бүгінгі адамзат қоғамын шырмап алған қатігездік, экстремизм мен зорлықты жеңетіндігіне, ислам халықтары арасында бейбітшілік, тыныштық, әділет пен достықтың таралатындығына үміт білдірді.