Зариф: Иран әлі де Еуропадан сындарлы шараларды күтуде
Иран Сыртқы істер министрі: "Еуропа Иранға 18 млн еуроны "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдау үшін берген жоқ. Иран әлі де Еуропадан сындарлы шаралар атқаруды күтуде",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде заңсыз шыққаннан кейінгі Еуроодақтың шараларына тоқталып: "Еуроодақ осы бағдарламаны сақтап қалу үшін бірнеше шараны, соның ішінде Иран мұнайын сатуды жалғастыру мен банкаралық желілерді сақтауға қатысты шараларды атқаруы тиіс",-деді.
Зариф, сондай-ақ, халықтың қолдауының ИИР-ның аймақтағы айбынының себебі екенін айтып: "2017 жылы Сауд Арабиясы 67, БАӘ 22 млрд долларға қару-жарақ сатып алды. Бірақ, халықтарының қолдауынан кенделігі олардың күш-қуатқа қол жеткізбеуіне себеп болды",-деді.