Рухани мен Лариджани ирандық спортшыларды Азия ойындарындағы жеңістерімен құттықтады
Қыр 02, 2018 13:48 Asia/Almaty
ИИР Президенті Хасан Рухани мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күнгі жолдауында Иран халқын, спортшылар мен жаттықтырушыларды Индонезияда өткен Азия-2018 ойындарында ирандық спортшылар тобының жеңісімен құттықтады.
Иран спортшылары Индонезияда өткен Азия-2018 ойындарында 62 медаль алып, жалпы командалық есепте 6-орынға тұрақтады.
Иран спортшылары кеше, сенбі күні ойындарын аяқтап, 18-ші кезеңде 20 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде алып, үлкен жеңіске қол жеткізді.
Тегтер