Рухани: Әлем АҚШ-тың біржақты саясаттарына қарсы
https://itolqyn.com/news/iran-i39103
ИИР президенті АҚШ-тың Иран халқын жақтаушы уәждерінің толығымен екіжүзді әрі жалғандығын қуаттап: "Әлемнің басым елдері бір дауыстан АҚШ-тың біржақты саясатына қарсылық танытып, бұйрықтарына көнбейді",- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 22, 2018 14:54 Asia/Almaty
  • Рухани: Әлем АҚШ-тың біржақты саясаттарына қарсы

ИИР президенті АҚШ-тың Иран халқын жақтаушы уәждерінің толығымен екіжүзді әрі жалғандығын қуаттап: "Әлемнің басым елдері бір дауыстан АҚШ-тың біржақты саясатына қарсылық танытып, бұйрықтарына көнбейді",- деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хасан Рухани The Washington Post газетінде жарияланған мақалада АҚШ-тың 2018 жылы мамырдың сегізі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққанына сілтеме жасап: "АҚШ өзі "Ортақ қадам" бағдарламасынан шыққаннан кейін Иран да келісімнен шығып, Иранға қарсы халықаралық коалиция құрып, барлық санкцияларды қайта күшіне енгізуді деп болжады. Алайда Иранның Еуропаға тағы шектеулі мұрсат беруі АҚШ-тың есептерінің күлін көкке ұшырды",- деді.

Рухани АҚШ үкіметінің Иранға қарсы сыртқы саясатының шындыққа негізделмегенін баса айтып: "Лаңкестік топтар мен сионистік режимнен алынған бұрыс мәліметтер және Ирандағы өзгерістер жайлы біліксіз сараптаулар мен талдаулар АҚШ қайраткерлерінің санкция арқылы Иранның алдында басымдықтарға ие болу туралы қиялға берілуіне себеп болды",- деді.