ИИР Президенті Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету керектігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i39114
ИИР Президенті сенбі күні елдің Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли мен Хузистан облысының әкімі Ғоламреза Шариятимен телефон арқылы сұхбаттасып, Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 23, 2018 14:56 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету керектігін қуаттады

ИИР Президенті сенбі күні елдің Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли мен Хузистан облысының әкімі Ғоламреза Шариятимен телефон арқылы сұхбаттасып, Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету қажеттігін қуаттады.

Хасан Рухани телефон арқылы сұхбатта Ахваздағы лаңкестік шабуыл, лаңкестерді анықтау және жараланғандарға қарайласу үдерісі туралы жаңа ақпарат алып, тиісті бұйрық берді.

ИИР Президенті, сондай-ақ, Барлау министрлігіне лаңкестер мен олар  байланысатын басты адамдарды тез анықтау және осы қылмысқа қатыстыларға қатаң қатынас көрсету мақсатында  әскери және қауіпсіздік органдарының бар күшін жұмылдыруға бұйрық беріп: "ИИР-ның азғантай қоқан-лоққыға қайтаратын жауабы жойқын болады. Осы лаңкестерге жарнама мен мағлұмат тұрғысынан қолдау көрсетіп отырған адамдар өз істеріне жауап беруі тиіс",-деп қуаттады.