Рухани: АҚШ Иранда тынышсыздық тудыруды мақсат етеді
ИИР Президенті елдің оңтүстік-батысында орналасқан Ахвазда болған лаңкестік шабуылға өкініш білдіріп: "АҚШ Иранда тынышсыздық тудыруды мақсат еткенімен сәттілікке қол жеткізбейді",-деді.
Хасан Рухани жексенбі күні таңертең БҰҰ Бас ассамблеясының жиналысына қатысу үшін Теһраннан Нью-Йоркке аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатында ИИР үшін Ахвазда лаңкестік шабуыл жасағандардың анық екенін айтып: "Иран бұл қылмысты жылы жауып қоймайды, лаңкестерге кесімді жауап береді",-деді.
Рухани Нью-Йорк сапарына тоқталып, БҰҰ Бас ассамблеясының жиналысына қатысуды Иран үшін өзінің аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастарын білдіруге берілген мұрсат деп атады.
Иран Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы әділетсіз санкция салғанына тоқталып: "АҚШ Иран халқын өзінің тәуелсіз болу туралы қабылдаған шешіміне өкіндірткісі келеді, алайда қолынан келмейді. АҚШ өзінің сұрқия мақсатына жетуде сәтсіздікке ұшырайды",-деді.