Зариф: АҚШ заңнан жалтарып отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i39252
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың 1955 жылы осы ел мен Иран арасында жасалған достық келісімінен шығуын Вашингтонның заңнан жалтаруының бір үлгісі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 04, 2018 16:55 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ заңнан жалтарып отыр

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың 1955 жылы осы ел мен Иран арасында жасалған достық келісімінен шығуын Вашингтонның заңнан жалтаруының бір үлгісі деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында расталған көпжақты келісім "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан Иранмен екіжақты хаттамаға қол жеткізуді көздеу сылтауымен шығып кетті.

Қазір де Халықаралық әділет соты АҚШ-қа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзып, Иран халқына санкция салуды тоқтатуға бұйрық бергенде бұл ел Иранмен жасалған хаттамадан шығып кетті",-деді.

Халықаралық әділет соты сәрсенбі күні Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымын қарастыруға өкілетті екенін растап, Вашингтонды қорытынды үкім шығарылғанға дейін Иранға салған гуманитарлық және авиациялық шектеулердің күшін жоюға міндеттеді.