Лариджани: Иранның зымырандық қуаты АҚШ үшін мәселеге айналды
(last modified Thu, 11 Oct 2018 13:12:39 GMT )
Қаз 11, 2018 19:12 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранның зымырандық қуаты АҚШ үшін мәселеге айналды

Иран Сот органының басшысы: "Бүгінде ИИР-ның қорғаныс қуатының артқаны соншалықты, Иранның зымырандық қабілеті АҚШ үшін мәселеге айналды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Садық Амоли Лариджани сәрсенбі күні Жоғары сот басшыларының жиналысында зымыранның ИИР қорғаныс айбынының символы екенін айтып: "Иран ешқашан соғысқа ұмтылған емес, алайда өзін қорғауға әрдайым дайын",-деді.

Аятолла Амоли Лариджани АҚШ-тың Иранға соққы жасауға бағытталған қастандығына тоқталып: "Санкция мен психологиялық қысым – дұшпандардың Иранға соққы жасау үшін қолданып жатқан жалғыз ісі",-деді.

Иран Сот органының басшысы, сондай-ақ, саудиялық басшылардың АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан қорланғанына тоқталып: "Аймақта өзін айбынды санайтын елдің АҚШ тарапынан үсті-үстіне қорлануы мен соған төзуі таңданыс тудырады",-деді.