Рухани Иран елшілерінен экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру үшін талпыныс жасауды сұрады
ИИР Президенті сейсенбі күні ИИР-ның Испания, Шри-Ланка, Кувейт, Румыния және Бангладештегі жаңа елшілерімен кездесті.
Иран Президенті Хасан Рухани кездесуде Иран халқына жамандық тілеушілердің халыққа қысым көрсету үшін ешбір қастандықтан бас тарпайтынын қуаттап, Иран елшілерінің басқа елдердегі шетелдік инвесторларды қызықтыру, компаниялардың ортақ ынтымақтастықтарын нығайту, Иранның басқа елдермен жекеменшік секторын құру бағдарламаларын өте маңызды деп атады. Хасан Рухани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығып, әлемдік деңгей мен құқықтық тұрғыдан оқшауланғанына тоқталып: "Иранның басқа елдермен ынтымақтастықтары мен қарым-қатынасын дамыту арқылы АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы қоқан-лоққылары мен қысымдарын мұрсатқа айналдыру керек",- деді.