Сауд Арабиясы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығарылуы керек
Қаз 22, 2018 17:52 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Адуллахиан жексенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында: "Сауд Арабиясы Йеменде адам құқығын бұзып отырғандықтар және саудиялық сыншы әрі тілші Джамал Хашагджиді өлтіргендіктен бұл ел БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығарылуы керек",-деп жазды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі сонымен қатар: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Джамал Хашагджиге қатысты оқиғаға және Сауд Арабиясының лаңкестік саясаттарын қолдап отырғаны үшін әлем елдері алдында жауап беруі керек",-деді.
Тегтер