Зариф: Еуропа бірінші рет АҚШ-тың санкцияларымен күресуге шешім қабылдады
Иран Сыртқы істер министрі: "Еуропалықтар бірінші рет тек АҚШ-тың саясатына қарсы пікір білдіруді ғана емес, санкцияларының есесін қайтаруды көздеп отыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранға іссапармен келген CNN тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, санкцияларды қайта салғаны туралы: "Америкалықтарда санкцияға тәуелділік пайда болған. Олар санкция өздерінің барлық қиыншылықтарын шешеді деп ойлайды, бірақ олай емес",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Дональд Трамптың саудагерлік мінезіне меңзеп: "АҚШ Президентінің «келіссөз жүргізу шеберлігін» назарға алып, бұл келісімнің Иран, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытай мен барлық халықаралық қауымдастық үшін ең жақсы келісім екендігін сеніммен айтамын",-деді.