Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттеріне тоқталып: "АҚШ басшылары, атап айтқанда президенті зорлық пен күш көрсету кезеңінің аяқталып, АҚШ-тың күнен-күнге жиіркенішті және жалғыз қалып бара жатқанын білгені жөн",- деді.
Аятолла Мұхаммадали Мовахеди Кермани Теһран жұма намазының құтпаларында бүгінде аймақтың бірнеше режимінен басқа бірде-бір мемлекеттің АҚШ саясаттарын қолдаймайтынын, АҚШ-тың негізгі одақтастары саналатын еуропалықтардың АҚШ-тың саясаттарына бағынбаумен қоса, арнайы механизмдер құру арқылы Вашингтонның әрекеттерімен күресіп жатқанын айтты.
Аятолла Мовехеди Кермани АҚШ, сионистік режим және Сауд әулеті режимі басшыларының көздері жойылатынын, саудиялықтардың сыншы журналист Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты қылмысының әшкереленуін бұл режимнің шынайы бейнесін баршаға әшкере еткенін мәлімдеді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының жалғасуы мен Сауд Арабиясының АҚШ-тың қолдауымен миллиондаған йемендікті өлтіріп, сол елді қоршауда ұстап отырғанына өкініш білдірді.