Мәртебелі жетекшінің әлемдік үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні қарсаңында сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 04 Nov 2018 12:19:34 GMT )
Қар 04, 2018 18:19 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің әлемдік үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні қарсаңында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше сенбі, он үшінші абан – үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні қарсаңында мыңдаған оқушы және студенттермен кездесуінде сөз сөйлеп, Американың елдерге өзінің пікірі мен көзқарасын қабылдату деген «жұмсақ күшінінің» қазір ең төмен деңгейге жеткенін айтты.

 

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сонымен қатар «Үлкен шайтан» – Американың соңғы қырық жылда Иранға қарсы өзінің қастандықтарын жүзеге асыруда жеңіліс тапқанын тілге тиек етіп, Иран студенттерінің Американың «тыңшылық ұясы» – елшілігін басып алуын Иран халқының Америкаға жегізген «шапалағы» деп атады.

Иран халқы осы жылдары Американың қастандықтарының алдында табандылық танытты. Алайда Америка өзінің негізсіз қиялымен Иранның экономикасын тұралатып, елді артта қалдыруды көздеп келеді. Америка президентінің ақылсыз сөздері мен санкцияларды қайтаруы және Иранға қарсы негізсіз айыптарын үздіксіз қайталауы Американың бұрынғысынша қастандық жобалап, жауластық танытып отырғанын көрсетеді. Трапмтан бастап, Джон Болтон мен Помпеоға дейінгі Америка басшылары жауластықтарын жалғастыратындықтарын ашық айтып келеді. Бірақ, экономикалық соғыстағы жағдай Американың қалауына қайшы. Бүгінде шешім қабылдауында Америка тіпті азғантай да рөлге ие емес ел – ИИР. Америка жөнсіз әрі заңсыз әрекеттерімен халықаралық аренада оқшау қалды.

Иран экономика саласында да өз-өзіне жеткіліктілік деңгейіне жетіп, елдің ішкі өндірісі жергілікті білім мен Иран жастарының қабілет, дарындарының арқасында қарқындай түсті.  

Бұл жетістіктер Американың жеңілгенін білдіреді. Американың санкцияға қайтадан бет бұруы оның ислам жүйесімен күресте экономикалық санкция салудан өзге жолының жоқ екенін көрсетеді. Алайда, Американың экономикалық санкцияларының өзі солқылдақ, әлсіз. Америка осы саладағы жеңілісі арқылы Иран халқынан тағы шапалақ жейді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бұдан бұрын да Американың Иран халқымен жауластығының тереңдігін америкалықтардың есептеулеріндегі көрсоқырлықтары мен олардың қателіктерін қайталауының себебі деп атап: «Америкалықтар революция әлі жас көшет болып егілген алғашқы күннен бастап-ақ дұшпандықтарын бастаған. Ислам революциясы бүгін жап-жасыл мықты ағашқа айналғанда да бұрынғы нәтижесіз қастандықтарын жалғастырып отыр. Себебі, жауластық пен кекшілдік оларды шындықты көріп, оны түсініп, дұрыс бағалаудан кенде етті" деді.

 

Ислам революциясының күш-қуаты мен Иран халқының жеңілмейтіндігі – теріске шығаруға келмейтін шындық. Шындықтарға көзжұмбайлық танытуға болмайды. Осы шындыққа қайшы кез келген ой Иран халқының ішкі жағдайы мен айбынын дұрыс бағаламауға себеп болады. Бұл – Америка қазір соны қайталап отырған қателік.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бүгінгі сөзінде еске салғандай, Американың қазіргі президенті қызметіне кіріскен уақыттан бастап халықтар ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдері мен Қытай, Ресей, Үндістан мен Африка және Латын Америкасы елдері де Американың шешімдеріне қатаң қарсылық танытып келеді. Себебі, Вашингтонның біржақтылығы тек Иран үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем үшін де қатер саналады.