Иранның зымырандық қуаты – аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі
ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі сенбі күні кешке ИИР-ның әрдайымғы басты басымдығының зымырандық қабілетті арттыру екенін қуаттап, Иранның зымырандық қуатының аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі екенін айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Амир Хатами «Хабар» халықаралық арнасының «Бүгінгі айдар» бағдарламасында Иранның зымырандық қуатының дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы тежегіш фактор екенін, сол себепті батыстықтардың Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасына аса сезімтал екенін еске салды.
Иран Қорғаныс министрі Теһранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі мықты сақталған аймақты қалайтынын, аймақ елдері бір-біріне қол ұшын беріп, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына талпыныс жасауы қажеттігін айтты.
Амир Хатами АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларының қайта күшіне енгеніне тоқталып, Вашингтонның осындай әрекет арқылы Иран халқының бірлігі мен біртұтастығына соққы беруді көздейтінін, бірақ бұл жолда сәттілікке қол жеткізбейтінін мәлімдеді.