АҚШ Сирияда Қарсыласу шебінен жеңілді
(last modified Mon, 05 Nov 2018 09:28:22 GMT )
Қар 05, 2018 15:28 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияда Қарсыласу шебінен жеңілді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы америкалықтардың Сирияда исламдық қарсыласу шебінен жеңілгенін мойындағанын мәлімдеді.

Бригада генералы Мұхаммад Әли Джафари АҚШ-тың Иракта да саяси тұрғыдан жеңілгенін айтып: "Егер қарсыласу шебіндегі халықтың қарсыласуы мен аймақ елдері Иран Ислам революциясынан үлгі алмағанда, Ирак мұсылмандары мен олардың күрескерлерінің басына не түсетіні беймәлім болар еді",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпандардың Йеменде де саяси және әскери тұрғылардан жеңілетіндігінің анық екенін айтып:  "АҚШ Йеменде бұрынғыдан бетер масқара болмас үшін Сауд Арабиясын алға салып отыр. Алайда, барша Йемендегі соғыстың негізгі факторының АҚШ болғанын, ендц өзі мен сатқын саудиялықтарды құтқару жолын іздестіріп жатқанын біледі",- деді.

 

Тегтер