Иран АҚШ-тың біржақты санкцияларымен әлемдік деңгейде қарсыласуды сұрады
(last modified Tue, 06 Nov 2018 11:21:05 GMT )
Қар 06, 2018 17:21 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың біржақты санкцияларымен әлемдік деңгейде қарсыласуды сұрады

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі ұйымның Бас хатшысына хат жолдап, АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз әрі біржақты санкцияларын айыптап, оларға қарсы шара қолдануды сұрады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру дүйсенбі күні Антониу Гутерришке жіберген хатында АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз, біржақты санкцияларына тоқталып, БҰҰ мен оның мүшелерінен бұл санкцияға қарсы шара қолдануды талап етті.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың әрекетін халықаралық заңдарға қайшы деп атап: «Бұл санкциялар – заңсыз, әрі БҰҰ Жарғысының үкіметтердің егемендігі, ұйымға мүше елдердің істеріне араласпау, еркін қарым-қатынас пен азат сауда сияқты негіздеріне, сондай-ақ, халықаралық соттың шешіміне қайшы. АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына әшкере қарсы тұруымен бірге басқа үкіметтерді қарарды бұзуға арсыз түрде мәжбүрлеуде»,- деді.