Ғасеми: Америкалықтар хабарсыздық дертінен қиындық көріп отыр
(last modified Thu, 08 Nov 2018 13:44:24 GMT )
Қар 08, 2018 19:44 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Америкалықтар хабарсыздық дертінен қиындық көріп отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Америкалықтар өтірік пен айла арқылы және бұрыс сөздерінің тасасында өздерінің Иран халқына қарсы зұлым әрі жауыз шараларын өз халқының мүддесіне сай әрекеттер деп көрсетуге талпынып жатыр",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Иранға қатысты шаралар тобы" басшысы Брайан Хуктың жуырдағы сөзіне реакциясында бүгінде АҚШ басшыларының көбінің хабарсыздық, менмендік, созылмалы әрі асқынған қиялшыл дерттерден қиыншылық көріп отырғанын айтып: "Хук я кәсіби өтірікші, немесе өзін хабарсыз етіп көрсетіп отыр",-деді.  

Брайан Хук сейсенбі бір күлкілі сөздерінде: "Иранға қарсы ауыр санкциялар салынғанымен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға ешқашан санкция салынған жоқ",-деген уәж айтты.  

Ғасеми Иран халқының америкалықтардың екіжүзді саясаттарымен таныс екенін айтып: "Тарих болашақта АҚШ басшыларының барлық стратегиялық қателігін дәлелдейді. Олардың қателіктері әлемнің түкпір-түкпіріндегі жазықсыз миллиондаған адамның өлімі мен инфрақұрылымдардың қиратылуына соқтырды",-деді.    

 

Тегтер