Иран Президентінің қатысуымен Урумие-Махабад темір жол желісі іске қосылды
Қар 19, 2018 21:47 Asia/Almaty
Иранның солтүстік-батысындағы Урумие-Махабад темір жол желісі ел Президентінің қатысуымен іске қосылды.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Урумие темір жол бекетінде Урумие-Махабад темір жол желісін ресми түрде іске қосуға бұйрық берді.
Ұзындығы 98 км-ді құрайтын Урумие-Махабад темір жол желісі Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумие қаласын Иранның темір жол торабына қосады.
Дүйсенбі күні ел Президентінің қатысуымен Хой ауданында орналасқан Имам Хомейни) атындағы 225 орындық аурухананың да ашылу салтанаты болды.
Хасан Рухани дүйсенбі күні 40 құрылыс және экономикалық жобаларды салтанатты түрде ашып, 2 инфрақұрылымдық жобаны орындауды бастау мақсатында Батыс Әзірбайжан облысына іссапармен барды.
Тегтер