Рухани: Үкімет халықтың көмегімен Иранды өркендетеді
ИИР Президенті үкіметтің бағдарламаларын халықтың сұраныстары негізінде жасалғанын, үкіметтің халықтың көмегімен Иранды өркендетуді көздейтінін айтты.
Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке Батыс Әзірбайжан облысының экономика, ғылым, мәдениет, саясат пен дін салаларының өкілдерімен өткен отырыста сөйлеген сөзінде: «Бүгін тек үкімет үшін ғана сынақ емес, бүгін – Иран халқының сынағы. Аллаға деген иман және Ислам революциясы жетекшісінің ақыл-кеңестерімен бұл тарихи сынақтан абыроймен шығатынымызға үміттенеміз»,- деді.
Иран Президенті елдің қазіргі жағдайын халық үшін қоқан-лоққыларды мұрсатқа айналдыратын мүмкіндік деп атап: «Батыс Әзірбайжан облысында экспортты дамытуға қажет негіз бар. Сондықтан Иранның көршілес, әсіресе Батыс Әзірбайжан облысымен іргелес елдермен жақсы қарым-қатынасын облыс пен елдің өркендеуі үшін қажет мұрсатқа айналдыру керек»,- деді.