Жел 01, 2018 14:44 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иран Ислам Республикасының Қарулы күштерін айбынды, тежегіш күшке ие және қауіпсіздіктің факторы деп атады.

Сейіт Мұхаммад Хасан Абуторабифард осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Иран Әскері Теңіз күштерінің күніне тоқталып, дұшпанның қоқан-лоққыларымен күресу үшін Иран Қарулы күштерінің қуаты мен қабілетін арттыру қажеттігін қуаттады.

Абуторабифард сондай-ақ, қарашаның 20-26 күндері өткен "Басидж" апталығына тоқталып: ""Басидж" күштері исламдық Иран, Ирак, Сирия, Йемен, Палестина, Ливан мен ислам әлемінің түкпір-түкпірінде үстемшілдерге қарсы бар күшімен табандылық танытты. Үстемшілдік жүйе олардан бірнеше рет соққы жеді. Келешекте де соққы жейді",- деді.

Абуторабифард сионистік режимнің палестиналықтардан жеңіліс тапқанын, Палестина халқының қарсыласуы симонистік режимнің жеңіліске ұшырауына себеп болғанын айтты.

 

 

Тегтер