Австрия елшісі: Иран – әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі
Жел 02, 2018 21:44 Asia/Almaty
Теһрандағы Австрия елшісі Иранды әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі деп атады.
Ирандағы Австрия елшісі Стэффан Шульц жексенбі күні Хамедан қаласының әкімі Сейед Саид Шахрухимен кездесуінде: "Австрия Еуроодақтың кеезңдік басшысы ретінде Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделі. Иран мен Австрияның қарым-қатынасына 700 жыл болды. Осы ретте Хамедан екі елдің қарым-қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарды",- деді.
Биыл қарашаның 12-15 күндері Хамедан қаласына азиялық 24 елдің Туризм министрлері мен әлемдік туризм ұйымының 500-ден астам мүшесі келіп кетті.
2018-ші жылы Хамедан облысы Азия туризмінің астанасы ретінде таңдалған болатын.
Тегтер