Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иран халқына қарсы барлық қастандық әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырап, өз басына зауал төніп жатқанын айтты.
Аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында х.ш.ж.с.б. азар айының он алтыншы жұлдызы Студенттер күні мен 1953 жылғы АҚШ-тың Пехлеви режимі арқылы ирандық студенттерді өлтірудегі рөліне сілтеме жасап: "АҚШ Иран халқына қарсы бағытталған өткен жылдардан қазірге дейінгі барлық қылмыстарға тікелей немесе жанама түрде болсын араласқан. Бұл мемлекеттің өзі Американың жергілікті халқы саналатын қызылтүсті тайпаларды қырып-жою арқылы қалыптасқан",- деді.
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларын бомбалауы мен Гуантанама мен Ирактағы Абу-Ғрейб түрмелерінде жасап жатқан қылмыстарына тоқталып: "Бұл қылмыстар АҚШ-тың өзін әлемде адам құқығы мен демократияның қолдаушысы ретінде көрсетіп жатқан жағдайда жүзеге асырылып жатыр. АҚШ-тың Иранға қарсы барлық қастандық әрекеттері мен арам ниетіне қарамастан, Вашингтон Иран халқының алдында жеңіліске ұшырап келеді. Бұл елдің Иранға қарсы қастандықтары, атап айтқанда санкцияларды арттыру саясаты да сәтсіздікке ұшырайды",- деп баса айтты.