Адмирал Сайари: АҚШ IONS отырысына қатысудан шеттетілді
(last modified Mon, 10 Dec 2018 09:09:07 GMT )
Жел 10, 2018 15:09 Asia/Almaty
  • Адмирал Сайари: АҚШ IONS отырысына қатысудан шеттетілді

ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары Ислам Республикасы алғашқы кезеңде АҚШ-тың Үнді мұхиты елдерінің әскери теңіз күштері қолбасшыларының симпозиумына бақылаушы мүше ретінде қатысуына қарсылық білдіріп, кейін бұл елді 2018 жылы өтетін отырысқа қатысудан шеттететінін айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Хабиболла Сайари Үнді мұхиты жағалауы елдерінің әскери теңіз күштері қолбасшыларының алтыншы симпозиумы мен 2018 жылғы әскери сүңгуірлердің халықаралық сайысын ұйымдастырушыларды ұлықтау рәсімінде Иранның АҚШ-ты IONS отырысына қатысудан шеттеткеніне тоқталып: "Кейбір мемлекеттер дәнекерші ретінде АҚШ-тың симпозиумға қатысуы жайлы Иранмен кеңесу өткізген жағдайында ИИР әуел бастан әлемдік үстемшілдіктің бақылаушы мүше ретінде бұл отырысқа қатысуына қарсылық білдірді.

АҚШ-тың IONS 2018 отырысына қатысудан шеттетілуі Иранның айбынын арттырып, Иранды әлемдегі халықаралық теңіз қатынасы жүйесінде құнды орынға көтерді",- деді.