Үнді компаниялары Чабаһардағы Шәһид Беһешти атындағы айлақтың бірінші фазасын іске қосуға келді
Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар еркін аймағының директоры үнді компанияларының Шәһид Беһешти атындағы айлақтың бірінші фазасын іске қосуға келгенін хабарлады.
Чабаһар еркін аймағының директоры Абдуррахим Корди Иранның Жол және қала құрылысы министрлігі мен үнді компаниялары арасында қол қойылған келісімге сәйкес, Шәһид Беһешти атындағы айлақтың бірінші фазасында орнатылған құрал-жабдықтардың 10 жыл бойы үнді компанияларының ықтиярында болатынын айтты.
Чабаһар еркін аймағының директоры, сондай-ақ Чабаһар айлағында мұнай-химия, темір жол, болат пен алюминий сияқты қуат жұмсалатын салаларға инвестиция салу туралы өтініштердің берілгенін, олардың қарастырылып жатқанын айтты.
Иранның Чабаһар айлағы стратегиялық жағдайына байланысты және Орта Азиядағы елдерге (Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан) ашық теңізге шығу үшін ең жақын жол болғандықтан өте маңызды.