АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуды көздеген бағдарламалары белгілі болды
(last modified Fri, 14 Dec 2018 03:53:15 GMT )
Жел 14, 2018 09:53 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуды көздеген бағдарламалары белгілі болды

ИИР Сыртқы істер министрі: "АҚШ Мемлекеттік департаменті осы елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын көбірек бұзуға бағытталған бағдарламаларын айқындап берді",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы сөздеріне реакциясында Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ пен одақтастары Иранның зымырандарына қатысты ұстанымында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің күші жойылған №1929 қарарына сүйенеді",-деп жазды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы ұйымның бас хатшысының №2231 қарардың орындалуы туралы алтыншы есебін талқылау барысында Иранға қарсы №1929 қарарда зымырандарға белгіленген шектеулердің қайтарылуын сұрады.