АҚШ күштерінің Таяу Шығыс аймағындағы құзыры – тынышсыздықтың негізгі факторы
(last modified Sat, 22 Dec 2018 17:56:15 GMT )
Жел 22, 2018 23:56 Asia/Almaty
  • АҚШ күштерінің Таяу Шығыс аймағындағы құзыры – тынышсыздықтың негізгі факторы

ИИР Сыртқы істер министрі Ғасеми АҚШ күштерінің Таяу Шығыстағы құзырын аймақтағы тынышсыздықтың негізгі факторларының бірі деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Бахрам Ғасеми америкалық күштердің Сирия жерінен шығатыны туралы таралған хабарға білдірген реакциясында: «Америкалық күштердің Таяу Шығыс аймағына келуі басынан‑ақ қате, қисынсыз әрі қиыншылық тудырған шара болды.

Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер тарихын нақты зерттеу көрсеткендей, шетелдік элементтердің әртүрлі сылтаулармен осы маңызды да сезімтал аймақта болуы тынышсыздық пен қайшылықтардың күшейгенінен басқа нәтиже бермеді»,‑деді.

АҚШ лаңкестік топтармен күрес сылтауымен заңсыз түрде, Сирия үкіметінің рұқсатынсыз Сирияға әскер кіргізді.

Вашингтонның лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Сирияға заңсыз кіруі Трамптың президенттік кезеңінің бас кезінде бұл елдің Сирияда ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың құрылуында негізгі фактор болғанын мойындаған жағдайда жасалды.  

 

Тегтер