Рухани аятолла Хашеми Шаһрудидің қазасына көңіл айтты
Жел 25, 2018 15:58 Asia/Almaty
ИИР Президенті Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы әрі Иранның бұрынғы Жоғары соты аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһрудидің қазасына көңіл айтты.
ИИР Президенті Хасан Рухани жолдауында Жүйе мүддесін анықтау алқасы басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтып: «Аятолла Хашеми Шаһруди көптеген ғылыми және діни еңбектер жазып қалдыруымен бірге ирандық-исламдық мәдениет пен өркениетті тереңдету, діни оқу орындары мен университеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мен гуманитарлық ғылымдарды дамытып, «Әділет университетін» құрып, исламдық мәдениет пен сот ғылымдарын дамыту ісіне маңызды үлес қосты»,- деді.
Тегтер