Иран Президенті палестиналықтар арасындағы бірліктің маңызын қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i40667
ИИР Президенті Палестинаның мазлұм халқының бұзылған құқықтарына тек басқыншы Израиль режиміне қарсы күрес пен табандылығы арқылы ғана жете алатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 02, 2019 13:52 Asia/Almaty
  • Иран Президенті палестиналықтар арасындағы бірліктің маңызын қуаттады

ИИР Президенті Палестинаның мазлұм халқының бұзылған құқықтарына тек басқыншы Израиль режиміне қарсы күрес пен табандылығы арқылы ғана жете алатынын қуаттады.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы  Зияд ән-Нахалемен кездесуінде Палестина халқының 70 жыл бойы сионистердің басқыншылығы мен зорлық-зомбылығына қарсы тұрғанына тоқталып: «Барлық мұсылмандар Палестина халқының өз құқықтарына жетуі мен палестиналық босқындардың оралуы және қасиетті Құдс қаласының елдің астанасы болуына қолдау көрсетуі керек»,- деді. Рухани палестиналықтар арасындағы бірліктің маңызын қуаттап: «Жеңіске жету жолдарының бірі – Палестина халқының бірлігі. Израиль режимі палестиналық жастардың қарсыласуымен бетпе-бет келіп, Палестинаны жеңе алмайтынына көзі жетті»,- деді.

Зияд ән-Нахале де басып алынған Палестина жеріндегі оқиғалар мен қарсылсау топтарының жоғары мүмкіндіктері мен дайындыққа ие екеніне сілтеме жасап: «ИИР-ның қолдауы мен табанды ұстанымы Палестина халқын құқықтарынан айыру мақсатындағы талпыныстарды сәтсіздікке ұшыратуда үлкен рөл атқарады»,- деді.