Зариф АҚШ-тың Иранның әуе-ғарыш бағдарламасы туралы уәждеріне реакция білдірді
(last modified Fri, 04 Jan 2019 10:59:57 GMT )
Қаң 04, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ-тың Иранның әуе-ғарыш бағдарламасы туралы уәждеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның зымырандық сынақтары мен әуе-ғарыш бағдарламасы туралы уәждеріне реакция білдірді.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «Иранның зымырандық сынақ өткізуі немесе жерсерігін жіберуі Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы емес, керісінше, АҚШ-тың өзі БҰҰ Қауіпсізідк кеңесінің қарарын бұзып отыр»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Иранның зымырандық сынақтары туралы сөйлейтіндей жағдайда емес деп, АҚШ басшыларына қоқан-лоққының қоқан-лоққы, құрметтің құрмет қалыптастыратынын еске салды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы бейсенбі күні: «Ирандық жерсерігін тасығыштар құрлықаралық зымырандарға ұқсас технологияларды пайдаланады. Сондықтан Иран жерсерігін тасығыш жасамауы керек. Жерсерігін ғарышқа жіберу БҰҰ-ның қарарларына қайшы»,- деген уәж айтқан болатын.