Иранның құрлық шекараларынан өтетін тауарлар экспорты 11 пайызға артты
(last modified Sun, 06 Jan 2019 17:10:36 GMT )
Қаң 06, 2019 23:10 Asia/Almaty
  • Иранның құрлық шекараларынан өтетін тауарлар экспорты 11 пайызға артты

Өткен 9 айда Иранның құрлық шекараларынан бес жарым миллион тоннадан астам тауар экспортталды.

Иранның Жол және тасымалдау ұйымының Ақпараттық технологиялар және коммуникация басқармасының бас директоры Хосейн Мотавали Хабиби: "Хижри шамси күнтізбесі бойынша 1397-ші жылдың өткен 9 айындағы Иранның құрлық шекараларынан өткен тауар экспортының мөлшері өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 11 пайызға артты. Өткен 9 айда Иранның құрлық шекараларынан елге 1336000 тонна мұнай және мұнайдан тыс тауарлар енгізілді. Бұл мөлшер де өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 14 пайызға төмендеді» деді.

Иран жеті мемлекетпен, атап айтқанда Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Пәкістан, Түркіменстан, Түркия және Иракпен құрлық шекараларына ие.