Ирак пен Оман университеттері Мешхедтің "Фирдауси" университетімен ынтымақтастық жасайды
(last modified Sun, 06 Jan 2019 17:31:54 GMT )
Қаң 06, 2019 23:31 Asia/Almaty
  • Ирак пен Оман университеттері Мешхедтің

Ирактың "Әл-Умид" пен "Әл-Кафил", Оманның "Халидж" университеттері Мешхедтің "Фирдауси" университетімен ғылыми және технология салаларында ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойды.

Оманның "Халидж",  Ирактың "Әл-Умид" пен "Әл-Кафил" университеттерінің делегациялары Мешхедтің "Фирдауси" университетін аралап, оның мүмкіндіктерімен танысқан соң қол қойылған меморандум студенттер және ұстаздармен алмасу, білім салаларын дамыту, парсы тлін үйрету және жаңа энергия салаларында  ынтымақтастық жасау тақырыптарын қарастырады.

Мешхедтің "Фирдауси" университетінің Оманның Масқат қаласында Нано қалашығын салуға инвестиция салуы, университеттің нано технология саалсындағы білімін пайдаланып, нано өнімдерін ұсыну ынтымақтастық туралы меморандумның келесі баптарына жатады.

Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласының "Фирдауси" университетінің әртүрлі факультетінде 24000 студент білім алады.

 

 

Тегтер