Ислам революциясы жетекшісінің айбыны мен қырағылығы америкалықтарды келіссөздер жүргізуге мәжбүрледі
https://itolqyn.com/news/iran-i4081
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Ислам революциясы жетекшісінің ядролық технологияларды сақтаудағы айбыны мен қырағылығы америкалықтарды Иранмен келіссөздер жүргізуге мәжбүрледі»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 10, 2016 16:07 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің айбыны мен қырағылығы  америкалықтарды келіссөздер жүргізуге мәжбүрледі

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Ислам революциясы жетекшісінің ядролық технологияларды сақтаудағы айбыны мен қырағылығы америкалықтарды Иранмен келіссөздер жүргізуге мәжбүрледі»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі әрі Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сенбі күні кешке Иранның 1-ші арнасына берген сұхбатында америкалықтардың Иранға соққы беру үшін осы уақытқа дейін ешбір мүмкіндіктен қапы қалмағанын айтып: «Ядролық келіссөздердегі оң қадамдар халық пен мемлекеттік қайраткерлердің қырағылығы, әсіресе Ислам революциясы жетекшісінің кеңестерінің арқасында орын алды»,-деді.

Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Қарабах аймағында жуырда болған қақтығыстарға тоқталып: «Бізбен көршілес екі елдің арасында қақтығыс орнағаны өкінішті. Бұдан бұрын да осы екі елді бейбіт бітімге келтіру үшін байланыс жасадық. Туындаған мәселені диалог арқылы шешу қажет» деді.