Қаң 14, 2019 19:56 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның алғашқы жерсерігі 600 км биіктікке ұшырылады

ИИР Президенті "Пайам" жерсерігінің Иранның алғашқы оперативті жерсерігі ретінде алдағы күндері 600 км биіктікке ұшырылатынын айтты.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Гонбад-е Кавус ауданында халықтың алдында cөйлеген сөзінде: "Пайам" жерсерігі толығымен жергілікті. Ол тасымалдайтын зымыран да Иранның өзінікі",-деді.

Күн сайын Иранның көгінен 6 рет ұшып өтетін "Пайам" жерсерігі ауа райы, егіс алқаптары, жер үсті сулары мен ормандардың жағдайын бақылап, мәліметтерді жерге жіберетін болады",-деді.

ИИР Президенті Иран халқының әлемге ғылым мен білімге ие ел екенін дәлелдегенін айтып: "Иран халқы дұшпандардың қастандықтарынан қорықпауы үшін ғылым, технология, экономика мен қорғаныс салаларында күш-қуатқа ие болды",-деді.  

Рухани АҚШ, сионистік режим мен олардың кейбір қолшоқпарларының Иранның ұлы халқын тізе бүктіре алмағанын айтып: "Иран әлемдегі өзінің барлық достарымен ең жақсы бауырластық қарым-қатынаста",-деді.  

 

Тегтер