Амир Абдуллахиан АҚШ-қа ескерту жасады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі АҚШ үкіметіне Press TV арнасының тележүргізушісі Марзия Хашемиді тез арада босатпаудың салдары жайлы ескертті.
Хосейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісінде: «АҚШ Марзия Хашемиді тұтқындау деген саяси ойын бастады. Егер Press TV-дің осы тележүргізушісі босатылмаса, бұл ойынның соңы АҚШ-тың ырқынан тыс болады»,-деп жазды.
Марзия Хашеми – Press TV-дің тегі америкалық тележүргізушісі, тілші әрі деректі фильм түсіруші. Ол «Мелани Франклин» деген атпен АҚШ-тың Колорадо штатында дүниеге келіп, жоғары оқу орнын ақпарат тарату мамандығы бойынша бітірген.
Press TV-дің мұсылман тележүргізушісі өзінің жанұясымен кездесу үшін АҚШ-қа барғанда Сент-Луис әуежайында қамауға алынып, АҚШ федералды полициясының Вашингтондағы бір уақытша қамау орнына тасымалданған.