Рухани: Америкалықтар еш уақытта Иранға қатысты талап-тілектеріне жетпейді
ИИР Президенті АҚШ-тың әділетсіз әрі заңсыз санкцияларының мақсатын Иран халқына қысым көрсету деп атап: «Олар еш уақытта өздерінің Иранға қарсы талап-тілектеріне жетпейді»,- деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі Үкіметтің отырысында баһман айының келуі және «Фаджр» он жылдығымен құттықтап: «Ислам революциясына қарсы барлық қастандықтарға қарамастан АҚШ-тың заңсыз санкциялары өз мақсаттарына жеткен жоқ»,- деді. Рухани дұшпандардың мұнай экспорты мен сатылуы және банктік мәселелерге қатысты Иранға қысым көрсетуге әрекет жасағанына сілтеме жасап: «Иран мұнай мәселелеріне қатысты оны сату үшін әртүрлі жолдар мен бағыттарды іздестіріп, АҚШ-тың санкцияларынан абыроймен өтуде»,- деп қуаттады.
Иран Президенті өткен 40 жылда революцияның басындағы кезеңмен салыстырғанда Иранның ашылған мұнай қорының екі есе артқанын еске салып: «Иранның оңтүстік-батысындағы Абаданда жаңа мұнай алаңы ашылды. Бұл майданның мұнай қорының мөлшері мен сапасы жоғары. Иран мұнай мен газ қоры тұрғысынан ешкім бұл елді энергетикалық нарықтан шығара алмайтынын көрсетті»,- деді.