Зариф: Иранның қорғаныстық әлеуеті жөнінде келіссөз жүргізілмейді
Иран Сыртқы істер министрі "АҚШ үкіметі Иран Ислам Республикасының қорғаныстық әлеуетінің келіссөз тақырыбы емес екендігін жақсы біледі" деді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда Эстония Сыртқы істер министрі Марина Кальюрандпен бірлескен ақпарат отырысында АҚШ қайраткерлері мен осы елдің Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Иранның қорғаныстық әлеуеті жөніндегі мәлімдемелеріне көрсеткен реакциясында: «Оның айтқандары негізсіз болғандықтан АҚШ- тың Мемлекеттік департаменті де оны жоққа шығарып, ондай сөздің айтылмағаны туралы уәж айтты.
Егер АҚШ үкіметі қорғаныстық тақырыптарға қатысты шынайы болса күн сайын Йеменнің бейкүнә халқын қанға бөктіріп жатқан қаруларын сатуын тоқтатуы керек. Сионистік режимнің ресми түрде мәлімдеуі бойынша осы қарулар әскери еместерге шабуыл жасау үшін қолданылады» деді.
Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран лаңкестікті қолдап отыр деген келесі сөзіне қатысты білдірген реакциясында: «Негізгі қатер ретінде аймаққа қауіп төндіріп отырған лаңкестік пен әсірешілдік қаупі АҚШ- тың аймақтағы құзыры мен басқыншылығынан туындап отыр. Иран осы қауіп- қатерді Иракқа шабуыл жасалудан бұрын болжаған болатын» деп мәлімдеді.