Джебели: АҚШ Марзия Һашемиді босатуға мәжбүр болды
(last modified Thu, 24 Jan 2019 06:51:22 GMT )
Қаң 24, 2019 12:51 Asia/Almaty
  • Джебели: АҚШ Марзия Һашемиді босатуға мәжбүр болды

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы бейсенбі күні таңертең әлемдегі азаттықты сүюшілерді Press TV арнасының тележүргізушісі Марзия Һашемидің босатылуымен құттықтап, АҚШ-тың қоғамдық пікірдің қысымымен бұл тілшіні босатуға мәжбүр болғанын айтты.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Пейман Джебели: «Марзия Һашеми АҚШ үкіметі қамаудағыларды босатуы үшін бұл елде қоғамдық пікірдің оянуы және хабардар болуы аса қажет екенін дәлелдеді.

Марзия Һашемидің босап шығуы – тәуелсіз ақпарат құралдары, соның ішінде Иранның екі телеарнасы – Press TV мен Al-Alam үшін үлкен жетістік»,-деді.

Марзия Һашеми АҚШ-та 11 күн қамауда болғаннан кейін Вашингтон уақыты бойынша сәрсенбі күні кешке ешбір қылмыспен айыпталмастан босатылды.

Марзия Һашемидің АҚШ-та қамауға алынуы әлемде ауқымды реакцияға ұшырады.