Сионистік режим аймақта соғыс отын өршітуде негізгі жеңіліске ұшырайтын тарап
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының Амир Абдоллаһиан халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Теһрандағы Ресей елшісі Леван Джагарянмен кездесуінде сионистік режимді аймақта соғыс отын өршітуде жеңіліске ұшырайтын негізгі тарап деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдоллаһиан бұл кездесуде Теһран мен Мәскеудің Сирияға көмек көрсетудегі сәтті тәжірибесі мен аймақ қауіпсіздігіне көмектесу қажеттігіне тоқталып, сионистік режимнің әскери және арандатушы әрекеттері мен Сирия территориясын бұзуын аймақ қауіпсіздігі үшін төнген шынайы қауіп деп атады.
Ресейдің Теһрандағы елшісі Леван Джагарян Амир Абдоллаһиянмен кездесуінде ИИР мен Ресейдің әртүрлі салалар бойынша ортақ позициялар мен стратегияларды ұстанып отырғанын, бұл байланыстардың осы деңгейде жалғасуы керектігін айтты.