Варшава отырысы Иран мен Еуропа арасында қайшылық пен жік тудыруды мақсат етеді
(last modified Mon, 28 Jan 2019 12:56:18 GMT )
Қаң 28, 2019 18:56 Asia/Almaty
  • Варшава отырысы Иран мен Еуропа арасында қайшылық пен жік тудыруды мақсат етеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Иранға қарсы Варшава отырысын өткізудің мақсатын Иран мен Еуропаның кейбір елдері арасында қайшылық пен жік тудыру деп атады.

Баһрам Ғасеми отандық және шетелдік тілшілермен өткізген апталық отырысында Иранға қарсы ұйымдастырылатын Варшава отырысы туралы: "Бұл – белгілі бір мақсаттарды көздейтін америкалық шара. Еуроодаққа енді қосылған кейбір елдердің тарихына назар салсақ, олардың кейбір аймақтық мәселелер жөнінде айқын ұстанымдарға ие екенін көреміз. Сондықтан бұл отырыс Иран мен Еуропа арасында қайшылық пен жік тудыруды көздейді",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің Лондонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Еуропаның SPV арнайы қаржы механизмін жасаудағы рөліне байланысты Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Ханттың Польшадағы отырысқа қатысатыны туралы сұрағына жауабында: "Иран Варшава отырысын бақылайтын болады. Дипломатиялық салада да шара қолданылды",-деді.

АҚШ-тың Сыртқы істер министрі Майк Помпео 11 қаңтарда Ираннан үркіту саясатын ілгерілету талпыныстарын жалғастырып, Вашингтонның 13-14 ақпанда Польшаның Варшава қаласында Иранға қарсы отырыс өткізетінін хабарлады.   

Тегтер