Қазақстан мен Хорватияның Ирандағы жаңа елшілері Зарифпен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i41072
Қазақстан мен Хорватияның Ирандағы жаңа елшілері сенімхаттарының көшірмелерін Иран Сыртқы істер министріне тапсырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2019 14:40 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Хорватияның Ирандағы жаңа елшілері Зарифпен кездесті

Қазақстан мен Хорватияның Ирандағы жаңа елшілері сенімхаттарының көшірмелерін Иран Сыртқы істер министріне тапсырды.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі Асхат Оразбай дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кезедсіп, сенімхатының көшірмесін тапсырып, Теһрандағы Қазақстан елшісі міндетіне ресми кірісті.

Хорватияның жаңа елшісі Драга Стенбок те Теһрандағы жұмысын бастап, Зарифпен кездесіп, оған сенімхатының көшірмесін тапсырды.