Ислам әлемі – әлемдегі биліктің жаңа орталығы
Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі генерал Сейед Яхия Рахим Сафави ислам әлемінің Ислам революциясының арқасында Ислам дінінің негіздеріне сүйеніп, әлемдік биліктің жаңа орталығы ретінде қалыптасып келе жатқанын баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Бүкіл күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі генерал Сейед Яхия Рахим Сафави дүйсенбі күні Теһранда өткен "Маһдавиат және Ислам революциясы" деген республикалық бірінші конференцияда: "Ислам әлемі бүгінде әлемнің шикі мұнайының 75 пайызы мен газының 57 пайызына ие, сондай-ақ, мұсылмандардың саны 1 миллиард 600 миллион адамнан асты. Исламдық философия бойынша, алға ілгерілеу кемелдікке жеткізеді. Сондықтан тарихтың кемелдікке қарай қозғалуы жарықтың қараңғылықты, шындықтың жалғандықты жеңуіне жеткізеді",- деп қуаттады.